Бөлімдер қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылатын болады – деп атап өтті спикер. 


«Барлық ниет білдірушілерге іріктеу нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Нәтижелер үміткердің аты-жөнін іздеу мүмкіндігімен әр кезең бойынша қолжетімді болады. Бұл функционал барлық рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Кандидаттарда сұрақтар көп туындайды және сапалы кеңес берудің өте маңызды екенін біз жақсы түсінеміз. Хабарламаны тек пошта арқылы ғана емес, порталда да қалдыруға болады. Хабарлама арнайы белгіленген консультанттарға жіберіледі. Жұмыс уақытында, тестілеу күндері хабарласуға болады - олар тәулік бойы қызмет етеді», - деп сендірді орталықтың бас директоры. 


Айта кетейік, өтінімді, тіркеуді және басқа да функцияларды басқару үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба қажет. 
Ал тестілеудің өзі прокторинг жүйесі бойынша өтеді.