Оның айтуынша, 2021 жылға 30 мыңнан астам жұмыссыз азаматты оқыту жоспарланған. Жоспар қазірдің өзінде асыра орындалды. 

«Атамекен бізге «Бастау бизнес» түлектерінің жобасын оқытуға, қаржыландыруға және кейіннен сүйемелдеуге мүмкіндік беретін экожүйе құруда. Республиканың 14 облысында және Шымкент қаласында өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен микроқаржы ұйымдарын құрудамыз. Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 22,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған. «Бастау бизнес» жобасының 5 мыңнан астам тыңдаушысы қамтылады... Біз түлектерімізді ҒАНА несиемен тікелей қамтамасыз ететін микроқаржы ұйымдарын аштық. Экономиканың қалған секторларын іске қосуды жоспарлап отырған жоқпыз», - деп нақтылады спикер. 


Мұндай қаржылық көмекке NEET санатындағы жастар, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер, қандастар үміткер бола алады.