«Біз тиісті түрде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын және жылжымалы мүлікті кепілге қабылдаймыз. Бұл тұрғын үй, қойқора, автомобиль және басқа көлік құралдары мен ауыл шаруашылығында қолданылатын техникалық құралдар болуы мүмкін. Бірақ бұл мүлік қосымша қолдау ретінде қабылданады. Негізгі кепіл - жылжымайтын мүлік және басқа да өндірістік үй-жайлар. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлғалардан кепілдіктер қабылданады», - деп түсіндірді сарапшы. 


Алайда, несие алушылар үшін айтарлықтай шектеулер жоқ. Ұсынылып отырған қаржыландыру - өңірлерде ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін неғұрлым тиімді құралдардың бірі, өйткені екінші деңгейдегі банктер экономиканың осы секторына салым сала алмайды. Тәуекелдер өте жоғары. «Бастау бизнес» бойынша қаражат жылдық 6% - бен беріледі, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны бір жылға дейін қайтару бойынша жеңілдікті кезең бар. Бұл әсіресе ауылдағы кәсіпкерлерге тиімді, өйткені ауыл шаруашылығы белгілі бір циклдік сипатқа ие.