«Биыл 6 лек болады, оқып шыққандар саны 281 адам, соның ішінде 40-50 пайызы грантқа, қалғаны несие алуға үміткер. 2017 жылдан бері Павлодар өңірінде 8 мыңнан астам адам оқыды, 2 мың жұмыс орны ашылды, 654 адам несие, 1200 адам 200 АЕК мөлшерінде грант алды», - деді Сайтқұлова. Бағдарламаға қатысу үшін алдымен жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу керек. 


«Алдымен жеке куәлігімен жолдама алып, atameken.co сайтына тіркеледі. Оқу мерзімі 21 күн. Осы уақыт ішінде қатысушылар 50 видеожазба көреді, түрлі бағыттар бойынша 12 модульдік сабақ өтеді, көбінесе менеджмент, маркетинг саласы, салық төлеу бойынша оқыту жүргізіледі, электрондық коммуникациялар туралы айтылады, бизнес жоспар жазу үйретіледі. Тіркелгенде бірінші кіріспе тест тапсырады. 80 сабақ өтеді. Ал қорытынды тестке өткеннен кейін оларға бизнес конструктор ашылып, сол жерде бизнес тренерлердің сүйемелдеуімен бизес жоспар жазады. Одан кейін жартысы грант иеленеді, жартысына несие алуға мүмкіндік беріледі», - деді спикер «Бастау Бизнес» жобасына қатысу жолын түсіндіре отырып.