Нұрболат Айдапкелов бұл деректер жеткіліксіз деп жауап берді.

«Біз тұрақты мемлекеттік органдардың деректерін пайдаланамыз, бірақ, өкінішке орай, санақ нәтижелері үшін қажетті ақпарат жеткіліксіз. Санақтың мәні - халық санын шығару емес, әр адамның өмірінің барлық аспектілері бойынша сапалы мәліметтер алу. Олар білім деңгейіне, тілдерді білуіне, отбасы жағдайына, отбасы құрылымына, тіршілік әрекетінің шектелуіне, еңбек мәселелеріне, табыс көздеріне қатысты. Өкінішке орай, бұл ақпараттың барлығы қазір мәліметтер базасында толық емес. Бүкіл әлем нақты қысқа уақытта халықтың жағдайын нақты бір күнге белгілеу және болашақта демографиялық, экономикалық талдау үшін пайдаланылатын сапалы деректер алу үшін санақ жүргізеді. Олар, өз кезегінде, мемлекеттік органдарға бұл деректерді қандай да бір әлеуметтік бағдарламалар жасауда, аумақтарды дамытуда қолдануға көмектеседі, сайып келгенде, бұл барлық міндет әрбір азаматтың тыныс-тіршілігін жеңілдету үшін атқарылады», - деп түсіндірді спикер.

Ал мерзімдерге келетін болсақ – пандемия кезінде – кейінге қалдыруға болмайды - деп санайды Айдапкелов.

«2020 жылы өткізу жоспарланды, бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Енді ауыстыруға бомлайды, өйткені біз 2020 жылдың раундына кіруіміз керек. Әлемде биыл 61 ел халық санағын өткізеді, оның ішінде көрші мемлекет те бар - қыркүйек айында Ресей Федерациясында өтеді. Бюджеттің бір бөлігі жұмсалды, ұйымдастырушылық мәселелер жоғары деңгейде шешілді, кейінге қалдыруға болмайды. Биылғы пандемияға келетін болсақ, эпидемиологиялық жағдай бойынша азаматтарымызды аралап өту үшін вакцинацияланған адамдарды тартатын боламыз, оларды қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етеміз және оқыту кезінде қашықтықты сақтау, өз-өзін қорғау және азаматтарды қауіпсіздендіруді үйрететін боламыз», - деп түйіндеді ҰСБ басшысы.