«Халық санағына арналған 91 сұрақтан тұратын 4 парақша әзірленді. Олар: «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі» (8 сұрақ); «Тұрғын үй жағдайлары» (8 сұрақ); «Жеке сұрақтар (42 сұрақ) және шетелдіктерге қойылатын сұрақтар (11 сұрақ). Бұрынғы сауалнама парақтарындағы сұрақтар кеңейтілді. Оларға тіршілік әрекетінің шектелуіне, пандемияға байланысты сұрақтар, ҚР аумағында уақытша тұратын азаматтар туралы сұрақтар және көші-қон, жұмыспен қамтылу, неке жағдайларына, тілдерді меңгеру, табыс көздеріне қатысты сұрақтар қосылды», - деді Айдапкелов.

Барлық сұрақтар Қазақстанда қызмет етіп жатқан халық санағына байланысты шетелдік халықаралық ұжымдардың сарапшыларымен, еліміздің мемлекеттік органдарымен келісілді.