«Бұл 19 млн 051 адамға есептелген, салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2009 жылғы бюджет 6,5 млрд теңгені құрады. Ол 16 млн адамға жұмсалды. АҚШ долларымен алған кезде, 2009 жылғы бір адамға шаққандағы шығын 2,9 доллар көлемінде болса, биыл 1,1 долларды құрайды. Яғни, бұл нақты арзандатылған халық санағы болып есептеледі. Салыстырып қарасақ, көрші мемлекеттерде әлдеқайда көп жұмсалады, мысалы, Ресейде 1 адамға қарастырылған шығын 3,6$ құрайды», - деді Айдапкелов.
Ұлттық статистика бюросының басшысының мәліметінше, халық санағын өткізуге 27 мың планшет сатып алынды. Ұлттық санақ аяқталғаннан кейін планшеттердің бір бөлігі статистикалық зерттеулер үшін бюрода қалдырылады, қалған бөлігі мектептер мен ауруханаларға беріледі.