Осыған байланысты, электрмен жабдықтау бағасының өсуі ел бойынша орта есеппен 12,5%-ды құрады. Бұл ретте, халық үшін бағаның өсуі орта есеппен 10%-ды құрады. Бұл өсім 2020 жылға қарағанда жоғары.

«Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды қолдауға үстемеақы енгізді. Бұл ретте, ЖЭК үстемесін ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуі орта есеппен 7,2%-ды, соңғы тұтынушы үшін электр энергиясы бағасының болжамды өсуі – 3,5%-ды құрады. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газға көтерме бағалардың ел бойынша орта есеппен 10%-ға ұлғаюына және жекелеген өңірлерде тауарлық газды тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап түпкілікті тұтынушылар үшін тауарлық газ бағасының өсуі шамамен 6% - ды құрады», - деді А.Жапсарбай.