Оның мәліметінше, сондай-ақ 108 қоғамдық қабылдау бөлмесі, 284 жария тыңдау өткізілді, БАҚ-та 1700-ге жуық жарияланым орналастырылды, үшінші тұлғаларға қол жетімді «Монополист» ақпараттық базасы арқылы 9 мың құжат берілді.

«Ашықтықты арттыру және жұртшылықты тариф белгілеу процесіне тарту мақсатында, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Тарифтік саясат жөніндегі кеңес институты енгізілді. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, ТМС өкілдері, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кіреді», - деді А.Жапсарбай.