Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан және елдің 16 өңірі қызыл аймақта орналасқан. Жасыл аймақта Түркістан облысы ғана.

«Соңғы үш апта ішінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады, бір аптаның ішінде орташа есеппен 53 мыңға жуық жағдай тіркелуде, осы аптаның өткен 4 күнінде КВИ-дің оң нәтижесімен 28 588 жағдай және КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 376 жағдай тіркелді», деді А.Цой.

1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралу индексі 1,11-ден 0,97-ге, яғни 14%-ға төмендеді. Инфекциялық  төсек-орынмен қамту – 52%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту – 48%-ды құрайды. Инфекциялық төсек-орындарының жоғары қамтылуы Ақтөбе облысында - 71%, Қызылорда облысында 66%, Алматы қаласында 63%, Алматы облысында - 60%.