«Республикаға ДДСҰ-да аккредиттелген ҚХР шығарған Sinopharm вакцинасының 1 млн дозасы әкелінді. Егу пункттеріне 659 400 доза вакцина жеткізілді, осы аптада вакцинация басталды, 38 161 адам егілді», – деді А.Цой.

Егу пункттерінде барлығы 1,3 млн бірінші компонент және 940 мың екінші компонент бар.