«Тексеру барысында мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуына назар аударылады. Атап айтқанда, ғимараттардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары, балалар мектепке келгенде ара қашықтықты сақтау туралы айқын белгілердің және қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлердің болуы, сондай-ақ, мектепке кіре берісте балаларды өткізуді бақылау қалай жүргізілетіні тексеріледі», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бас санитарлық дәрігердің қаулысының жобасы әзірленуде. Онда сыныпта бір бала КВИ жұқтырса, науқаспен байланыста болғандықтан сыныпты толықтай карантинге жіберу қарастырылған. Сонымен қатар, балалардың жаппай ауырып қалуына жол бермес үшін мектептерде санитарлық талаптар күшейтілуде.