«ДДСҰ да балалардың мектепке баруына кеңес беріп отыр. Қанша індет болса да, дамыған елдер, соның ішінде Германия, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Бельгия сияқты елдер балаларды оқытуды тоқтатқан жоқ. Сондықтан осындай шешім қабылданды. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін, балалардың өмірін сақтау үшін қазір жалпы халық вакцинация алуы керек. Өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеңіздер», - дед вице-министр халықты екпе салдыруға шақыра отырып.

Оның айтуынша, оқу жылы басталған соң мониторингтік топтар, эпидемиологиялық қадағалау комитеті мектептерді тексеріп тұрады. Ауырып қалған балаларды, байланыс топтарын, ошақты тексеру үшін олар әр мектепке кіреді. Егер қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаса, ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес айыппұл салынады. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға 30 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.