1 қыркүйектен бастап «Ashyq» қосымшасы мектептерде де енгізіледі. Ата-аналар не істеуі керек? Баланы өз логинімен кіргізе ме? Өйткені, қосымшада балалардың есептік жазбалары жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің спикерлеріне осындай сұрақ қойылды. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ата-аналар мен балалар үшін ешқандай мәселе туындамайды.
Мектепте «Ashyq» оқушылар үшін емес, қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. Біз үшін науқаспен байланыста болған немесе ПТР тест нәтижесі оң мұғалімдер мен қызметкерлерді мектептерге жібермеу маңызды. Ата-аналар кіреберіске апарады, одан әрі балалар өздері барады. Ата-аналар мектепке жіберілмейді. Бұл ереже өткен жылдан бері қолданылып келеді.
Ал егер мектепке шақыртса, онда ол қосымша арқылы кіреді»,- деп түсіндірді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!