Ол келесі жылдың қараша айында өтетін кездесуге бюджеттен бірде-бір теңге жұмсалмайтынын бірден атап өтті.

«Ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі он жылдық практикалық жұмыстың қорытындысын шығаратын іс-шара. Ауыл әйелдерін қолдау мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың, ірі қорлардың, банктердің, ҮЕҰ басшыларын шақырғымыз келеді. Көптеген мемлекеттердің өкілдерімен ауыл әйелдерін практикалық қолдау жөніндегі тәжірибемізбен бөліскіміз келеді және ауыл әйелдерін қолдаудың қандай да бір жалпы нысанын жасамақпыз, сондай-ақ олардың біз жүргізіп отырған практикалық жұмысты қолдауы үшін ірі отандық, шетелдік компанияларға, қорларға жүгінбекпіз. Ал біз ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі құзыреттер мен білімді пайдалана отырып, біздің елдерімізде, әсіресе Орталық Азияда, Оңтүстік Кавказда, Африкада, тіпті Ауғанстанда да жұмыс жүргізе алар едік», - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, бүгінде Африкадағы ынтымақтастық жоспарлары жүзеге асырылуда. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының шақыруы бойынша Нельсон Манделаның үлкен немересі, Мандела Тембикеле Қорының бас директоры Ндилека Мандела іскерлік сапармен Қазақстанға келді.