Оның айтуынша, үміткерлер жыл ішінде өтінім бере алады, комиссия мүшелері сараптама жасап, шешім шығарады.

«Жыл сайын 3 мыңға жуық әйел өтініштерін береді, біз оларға бизнес жобаларды жазуға көмектесеміз, ал грант алғаннан кейін сүйемелдеу көрсетеміз. Қазір 81 әйел жұмыс істеп жатыр, олар 200 жуық жаңа жұмыс орнын ашты. Біз олармен ұдайы байланыста болып, жұмыстарын одан ары жалғастыруға көмектесеміз. Күнделікті хабарласып отырамыз», - деді Айсина.