Оның мәліметінше, ағымдағы жылғы 7 айда «БЖК-2025» және ҚЗЭ шеңберінде 801,2 млрд теңге сомасындағы 25 мыңнан астам жоба жеңілдікпен қаржыландырылды.  

«Жалпы кредит сомасы 603,7 млрд. теңге 14,4 мың жоба субсидияланды; жалпы кредит сомасы 200 млрд теңгеге жуық 11 мың жобаға кепілдік берілді; экономиканың зардап шеккен саласында және жалпы кредит сомасы 50 млрд теңгеге жуық 460 астам жоба субсидияланды; 62 млрд теңге сомасында 10 мыңнан аса микрокредит берілді. Сондай-ақ, «БЖК-2025» бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап 10 млрд теңгеден астам сомаға 4 100 аса мемлекеттік грант берілді және 160 млрд теңгеден астам сомаға бизнес жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша 930 жоба іске асырылды», - деп атап өтті спикер. 


Айта кетейік, «БЖК-2025» шеңберінде кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бизнесті жүргізуді оқыту мен консультациялық сүйемелдеу секілді жобалар кешенін қамтиды. 
Ағымдағы жылы қаржысыз қолдау шараларын іске асыруды қамтамасыз ету масқатында сервистік қызметке 14 мыңнан аса кәсіпкерге 16,5 мың теңге берілді; Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 41 мыңнан аса клиент 85 мың консультация алды. 
Бағдарламаларды іске асырудың барлық кезеңінде ШОК субъектілері 109 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрды, 49 трлн теңге көлемінде өнімдер шығарылып, қызмет көрсетілді, бюджетке жалпы сомасы 3,1 трлн теңге салық төленді. 
Орта есеппен бюджеттен бөлінген 1 теңге субсидияға 6 теңге салық аударымы қайтарылады.