«Жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары кәсіпкерлердің Аshyq қосымшасын енгізу және дұрыс пайдалану жұмысын жандандыруда. Қазіргі уақытта бұл бизнестің кәсіпкерлік қызметтен пайда алу және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатындағы бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі. Бұл жерде кәсіпкерлердің аталған мәселеге түсіністікпен қарауы және жәрдемдесуі қажет. Аshyq-ты пайдалануда бизнестің адал ниеті мен жауапкершілігі маңызды», - деді ҰЭМ өкілі қазақстандық кәсіпкерлерге қаратып айтқан сөзінде.