«2021 жылдың 7 айында бағдаламалардың негізгі көрсеткіштері 2020 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» аясында кәсіпкерлерді қолдау 2,3 мың жобадан 25 мыңға дейін өскені байқалады. Яғни, 10 еседен артық. Несиелер сомасы 3 еседен артық ұлғайды, 246 млрд теңгеден 740 млрд теңгеге дейін. Мемлекет басшысының пандемия кезінде экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында микро/шағын және орта кәсіпкерлікке субсидиялар беру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бірінші толқын аясында 746 млрд теңгеге жуық несие сомасына 8 921 жоба мемлекеттік қолдау алды; 2 толқын шеңберінде - шамамен 85 млрд теңге кредит сомасына 2 420 жоба мақұлданды; 3 толқын бойынша қор шамамен 277 млрд теңге кредит сомасына 2 636 жобаны мақұлдады. Барлығы 838 млрд теңгеге 13,9 мың жобаны құрайды», - деп атап өтті спикер. 


Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жоба субсидияланды. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11 есе артық. Ал берілген несие көлемі 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 есеге өсіп, 542 млрд теңгені құрады. Салалар бөлінісінде - өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету және сауда алдыңғы қатарда тұр. 
Айта кетейік, пандемия 2016 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Қор қызметтерін цифрландыру процесін жеделдетті. Қазіргі уақытта бизнес-процестердің 94%-ы автоматтандырылған. «Даму» EGOV порталында қаржылық қызметтерді ұсынатын алғашқы квазимемлекеттік компания болып табылады. 2019 жылы Қор өзінің Online-Damu платформасын іске қосты. Барлық өтінімдер онлайн режимінде қабылданады.