«Мемлекет басшысының 2021 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шаралары басталады. Жыл соңына дейін жалғасатын күзгі әскерге шақыру кампаниясы барысында ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, жасы 18-ден 27 жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт толықтырады. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз ететін азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі», - деді Жүсіпов. 

Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару олар әскерге шақырылған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жоспарлы түрде жүзеге асырылады.