Оның айтуынша, әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады, яғни, әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде және әскери бөлімдерге келген кезде.
«Белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтау, медициналық маскалармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету ұдайы Қорғаныс министрінің бақылауында. Сонымен қатар, әскерге шақырылушылардың және олардың ата-аналарының карантиндік шектеулерді сақтау қажеттігіне түсініп қараулары әскери ортада коронавирустың жаппай таралуына жол бермеуге ықпал етеді», - деді спикер.
Сонымен қатар, алдағы әскерге шақыру барысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметінің сервисі арқылы әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратуды жалғастыру жоспарланған. Хабардар ету процесінен жеке қарым-қатынас жасауды алып тастау инфекция жұқтыру қаупін азайтады.