«Көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы нақты ақпаратты еgov.kz сайтынан алуға болады немесе ол туралы арнайы әзірленген жадынаманы жақын жерде орналасқан кез келген жергілікті әскери басқару органдарынан ала аласыздар. Біз жұмысты бұрынғыдай кері байланысты көздейтін барынша ашық форматта жалғастырамыз. Әскерге шақырылушылар және олардың ата-аналары, журналистер мен қоғамдық өкілдер өздеріне қажетті ақпарат алу үшін хабарласа алады және оларға жауап беріледі. Ол үшін әрбір Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде электрондық пошта жәшіктері және әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашылды», - деді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов. 


Барлық ақша талап ету және басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жедел шаралар қолдану және туындаған жағдай бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің «Қарулы Күштер – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіну немесе сенім телефондарына хабарласу қажет.