«Кеше қорғаныс және ТЖ министрлерімен және ІІМ басшысының орынбасары келді. Түні бойы жұмыс істедік, облыстық штаб отырысы өтті. Шығындарды есептеу және қалпына келтіру үшін қандай жұмыстар қажет екендігі талқыланды. Жарылыс болған жерге жақын орналасқан үш елді мекен бар, 1 км жерде Қайнар ауылы және 5 шақырым жерде екі елді мекен бар. Осы үшеуінде 718 адам тұрады. Кеше оларыдң барлығы қауіпсіз жерге көшіріліп, 10 мектеп, 5 колледждің жатақханаларына орналастырылды. 227 адам туысқандарына кетті. Оқиға салдарынан 88 адам медициналық көмекке жүгінген. Оларға тиісті көмек көрсетіліп, жеңіл жарақат алған 60 жуық адам үйлеріне қайтарылды», - деді облыс әкімі.  
Халықтың сұрақтарына жауап беретін тәулік бойы жұмыс істейтін ТЖ штаб кезекшілері жұмыс істеуде.