«Кеше Жамбыл облысында орын алған төтенше жағдай салдарынан теміржол, көлік қатынасы тоқтатылған болатын. Қалаға екі жолаушылар пойызы келген. Қосымша 20 шақты автокөлік ұйымдастырылды, адамдарды баратын жерлеріне жөнелттік. Ал көліктер үшін айналма жол жасалды, негізгі жол оқиға боғлан жерге жақын болғандықтан ол уақытша жабық, кейін жағдайға байланысты шешім қабылданады», - деді Б.Сапарбаев.

 
Кеше Байзақ ауданының Қайнар ауылында болған жағдайды тез қалпына келтіру үшін мыңнан астам  әскери адам, 120 жуық техника тартылды, 30 астам жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді.