Ол бөлімшілердің бірінші кезектегі маңызды міндеттерін атап өтті. Бұл қоймалар аумағында қалған өрт ошақтарын сөндіру, халыққа белгілі бір қауіп төндіретін жарылыстарды тоқтату және эвакуацияланған тұрғындарды үйлеріне қайтару. Теміржолдар мен автомобиль жолдарының ашылуы шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Басқа бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасуда.  


«Өкінішке орай, төтенше жағдай салдарынан өрт сөндіру орталығында болған 49 қызметкер зардап шекті. Олардың көбі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Тұрақты ауыр жағдайдағы үш адам реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ. Бұл қызметкерлердің бір бөлігі жақын арада амбулаториялық емдеуге жіберіледі деп ойлаймын. Байланысқа шықпаған бірнеше қызметкерді іздеу жұмыстары жалғасуда», - деді министр. 


Ильин сондай-ақ барлық жаңа деректер баспасөз қызметі және басқа да ақпарат көздері арқылы жедел форматта жеткізілетініне сендірді.