«Сабақтар қатаң түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Бұл күнделікті термометрия, маскалық режим, кварцтеу, желдету, дезинфекциялау, бұқаралық және қоғамдық іс-шараларды шектеу, бастауыш, орта, жоғары сыныптарды дәлізде араластырмау үшін әр уақыттағы үзілістер, ауысымдар санын арттыру; медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтар мен мектептің басқа да қызметкерлерін 100% вакцинациялау», - деді ведомство өкілі.