Оның айтуынша, мектептер тиісті ақпараттық жүйелермен қамтылған.
«1-11 сыныптарға арналған 13 мыңнан астам бейнесабақтар түсіріліп, «Күнделік» жүйесінде және БҒМ интернет-ресурстарында орналастырылды. Барлық оқушылар оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі. Бүгінде барлық өңірлерге жеткізілді. Мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл 264 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кейбір мектептерде жөндеу жұмыстары жалғасып, аяқталуда. Барлық мектептер тиісті әдістемелік ұстанымдармен қамтамасыз етілді, нұсқаулық-әдістемелік хат даярланып, жолданды», - деді Каринова.