Оның айтуынша, елде халықтың тек 30% ғана спортпен шұғылданады, ал Кеңес заманында бұл көрсеткіш 70-80% дейін жеткен. 


«Біз маңызды міндеттердің бірі – балалар бұқаралық спортын дамытуды жіберіп алдық. Балалар мен жасөспірімдерді гаджеттеу жүріп жатыр. Президент кешегі Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық және балалар спортын дамытуға баса назар аударды. Бұқаралық спорт жоғары жетістіктер спортының базасы, болашақ Олимпиада чемпиондары кадрларының ұстаханасы болып табылады. Сондықтан олар бір-біріне зиян келтірместен қатар дамуы керек. Трансформациялау жөніндегі жобалық офис спортты қайта құрудың толық циклін өткізеді: мемлекеттік деңгейдегі басқару жүйесінен бастап ауылдық округтерге дейін, Ұлттық Олимпиадалық және паралимпиадалық комитеттермен, федерациялармен өзара іс-қимыл жасайды, балалар, бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту саласында ел үшін стратегиялық мақсаттарды әзірлейді. Жобалық офис өз жұмысын саланы егже-тегжейлі талдаудан бастайды, стратегиялық бағыттардың негізгі тізбесін жасайды, жобалар тобын құрады, стекхолдерлер картасын және цифрландыру картасын жасайды, басқаруды жетілдіру жүйесімен айналысады және бейінді министрлікпен бірлесіп бұқаралық спортты дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Парламент депутаттарымен бірлесіп спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс істейді», - деп сендірді спикер.