Дені сау және спорттық ұлт қалай қалыптасады? Спортты қалай қызықты және қолжетімді етуге болады? Осы және Мемлекет басшысы тапсырғандай, бұқаралық спортты дамытудағы стратегиялық бағыттарды анықтау туралы сұрақтарға «Қазақстан спортын трансформациялау» жобасының командасы жауап берді. Оның басшысы Қамбар Омаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте бұған қалай қолжеткізілетіні жайлы айтып берді.
«Спортты трансформациялау тобының алдын ала талдауы негізінде команда біз жұмыс істейтін 7 стратегиялық бағытты анықтады. Біріншісі, балалар және бұқаралық спортты дамыту. Содан кейін - басқару жүйесін трансформациялау; кадр саясатын жетілдіру; заңнамалық және реттеуші бастамалар; медициналық-биологиялық және фармацевтикалық қамтамасыз ету; спорт инфрақұрылымын дамыту; жетінші - халықаралық ынтымақтастық. Стратегиялық бағыттардың әрқайсысы бойынша Жол карталары әзірленетін болады. Жобалық офис жаңа жобалар мен ұсыныстарды әзірлейді, оны біз МСМ бірге «step by step» жүзеге асырамыз. Жұмыс көп. Әсіресе, дені сау спорттық ұлт идеологиясын қалыптастырумен жұмыс істеуге тура келеді», - деді спикер.
Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в
Telegram!