«Қатемен жұмыс жүргізу, заңнаманы жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеу қажет. Орталық және өңірлік деңгейлерде спортты басқару жүйесінің қалай жұмыс істейтінін анықтау, мемлекеттік органдар, уәкілетті орган ретінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті, Ұлттық паралимпиада комитеті арасындағы қызметті өзара үйлестіруді, федерациялармен өзара іс-қимылды түсіну қажет. Жаттықтырушыларды даярлау бойынша сұрақтар көп. Жұмыс органының құрамы 55 маманнан тұрады, бірақ күн сайын қоңырау шалып, бастамалар барын айтады. Менің ойымша, бұл тізімдегі бастапқы көрсеткіш», - деді спикер. 


 
Айта кетейік, топ құрамында паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Ислам Баймұқанов, Америкадан Василий Жиров бар. 


«Тағы бірнеше чемпион біздің командаға қосылуға ниет білдіріп отыр. Спортқа бей-жай қарамайтын адамдарға айтарым: егер бастамаларыңыз, тәжірибелеріңіз болса, біз бәрін тыңдауға дайынбыз. Бізге ұсыныстарыңызды жолдаңыздар. Спортты трансформациялау кеңсесі арқылы шоғырландыра отырып, біз МСМ-мен барлық ұсыныстарды қараймыз және бүгіннен бастап іске асыруға болатын ең үздіктерін пысықтайтын боламыз, ал ұзақ жұмысты қажет ететіндері үшін заңнамалық бастамалар әзірлейміз», - деді жоба басшысы кәсіпқойларға қаратып айтқан сөзінде.