Оның айтуынша, Елбасы тапсырмасы бойынша екі мәрте жас ғалымдарға араналған конкурстар өткізілді. Олардың аясында 315 ғылыми жоба іске асырылып, 40 жасқа дейінгі 2000-нан астам жас ғалым қызмет етуде. 


«Ғылымда қалатын жастарға әрдайым жұмыс орны табылады. Оған не кепіл? Біріншіден, Президент былтырғы Жолдауында жыл сайын жас ғалымдарға кемінде 1000 грант бөлуді тапсырған болатын. Жақын арада конкурс жарияланады. Жыл сайын постдокторантураға PhD қорғап шыққан жас ғалымдарға үш жылдық гранттар бөлінеді. Ол гранттардың сомасы үш жылға 24 млн теңгені құрайды. Жас ғалымға кемінде 1 мың доллардай стимпендия төленеді, қалғаны ғалымға жетекшілік ететін ғылыми ұйымға тиесілі болады. Бұл ретте екі шарт бар: жас ғалымның сол институтта немесе ЖОО-нда жетекшісі және шетелде мықты, тәжірибелі ғылыми консультанты болуы керек. Сондай-ақ, ғылымда қалуға талпынысы, жоспары, іске асыратын ғылыми идеясы болуы керек», - деді Құрманғалиева. 


Бұл ретте комитет төрайымы соңғы жылдары жас ғалымдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың артқанын атап өтті.  


«Бүгінгі таңда іске асырылып отырған 315 жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі үш жылға 17,8 млрд теңгені құрайды. Бұл конкурстар жыл сайын өткізіледі. Жас ғалымдар болашағына ғылыми әлеуетіне сенетін болса, кемінде 500 ғалым жыл сайын ғылыми әлемнің ең мықты ғылыми институттарында ғылыми тағылымдамадан өте алады. Конкурс 28 қазанға дейін өтеді. «Болашақ» бағдарламасы арқылы кез келген ғалым, жас шектеуі жоқ, шетелде тағылымдамадан өте алады», - деді спикер жас ғалымдарды осы мүмкіндікті пайдалауға шақыра отырып.