Мысал ретінде ол иммундау және карантин мәселелеріндегі ынтымақтастықты атап өтті. Пандемия кезінде еліміздің діни бірлестіктері қажетті карантиндік шектеулерді түсіністікпен қабылдады және бірауыздан қолдады, діндар халықпен ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

«Сондай-ақ, барлық конфессиялардың өкілдері азаматтарды пандемиямен күресудің жалғыз әдісі ретінде екпе салдыруға шақырды. Осының бәрі үшін оларға ерекше алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар, қазан айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің XIX Хатшылығын өткізу жоспарланған. Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұл іс-шара аралас форматта өтеді. Өздеріңіз білесіздер, жақында Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығы шықты. Комитет Діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Біз діни бірлестіктерді тіркеу және діни іс-шараларды өткізу мәселелерін оңайлатуды көздейтін түзетулер енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді спикер.