Ол жақында білім министрі мектеп формасына қатысты жағдайға түсініктеме бергенін жеткізді. Меншік нысанына қарамастан – мемлекеттік немесе жеке меншік болсын, талаптар оқу орындарының барлығына бірдей қойылады. 


«Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес, мектеп формасына қойылатын талаптар, оқыту стандарттары бар. Азаматтар осы бұйрықты және тұтастай алғанда, еліміздің заңдарын сақтауы керек. Сонымен қатар, Конституцияда зайырлы мемлекет екеніміз нақты жазылған. Біз ешкімді діни нанымдары бойынша бөлмейміз. Осыған байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, өйткені, өкінішке орай, зайырлылық деген не екенін бәрі бірдей түсіне бермейді. Қосшы қаласындағы тұрғын үй кешені туралы айтар болсақ, Конституцияға сәйкес біз кімге сену керектігін немесе керісінше сенбеу керектігін айта алмаймыз. Яғни, адам өз дінін өзі анықтауға құқылы, бірақ егер ол қандай да бір әрекеттерімен заңды бұзса, ол жауапқа тартылады. Осылай киінетін ересек тұрғындарға келетін болсақ, бұл - діни сенім бостандығы мәселелері», - деп жауап берді спикер.

Сондай-ақ ол нақты фактілер болған жағдайда жергілікті жерлердегі білім басқармасына немесе комитетке жүгінуге болатынын жеткізді.