Ведомство басшысы Ержан Нүкежановтың айтуынша, зайырлы мемлекет қағидаттарына сәйкес, комитет діни бірлестіктердің ішкі мәселелеріне араласпайды. 


«Ислам бағытында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмыс істейді. Имамның біліктілігін арттыру, қандай да бір лауазымға тағайындау мәселелері ҚМДБ-да толық шешіледі. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, ішкі істерге араласпаймыз. Кез келген діни бірлестік: ҚМДБ, православ шіркеуі, протестанттар немесе басқа болсын, ішкі мәселелерге араласпаймыз. Бірақ, егер заң бұзушылықтар болса, дінге, мазхабқа қарамастан, адам жауапқа тартылады. Біз зайырлы мемлекет екенімізді және ел Конституциясы мен заңдарын ұстанатынымызды тағы да атап өткім келеді», - деді салалық комитет басшысы.