«Бағалау оңай болған жоқ: бізге климаттың өзгеруі, биоәртүрлілік және экожүйені сақтау мәселелері туралы ой саларлық көптеген мақалалар келіп түсті. БҰҰ атынан арнайы сертификат пен құны 350 000 теңге болатын ваучерге ие болған үшінші орын иегері – Elorda Aqparat ақпараттық агенттігінен Дулат Төлепов. Дулаттың «Жаһандық климаттық өзгерістер дәуірі: Қазақстанға төнер қауіп қандай және ел мәселеге бейімделе ала ма?» атты мақаласында климаттың өзгеруінен туындаған қиындықтар мен оларды жергілікті деңгейде шешу жолдары сипатталған. Біздің келесі авторымыз «Қазақстан: аптап ыстық деңгейінің көтерілуі» атты мақаласында жаһандық жылынудың Қазақстанға өнеркәсіпке дейінгі деңгейден жоғары әсерін көрсетеді. БҰҰ сертификаты мен 550 000 теңге сомасында ваучерге ие болған екінші орын иегері – Cabar Asia агенттігінің журналисі Зульфия Раисова. Бірінші орын иегері 10 жыл бойы омарташылықпен айналысып келе жатқан Алматы облысының кәсіпкерінің жеке әңгімесі бойынша керемет мақала әзірлеген. Бұл шабыттандырарлық әңгіме – экономикалық құндылық, экожүйені құрметтеу мен адамдарға және табиғатқа пайда әкелу сияқты ізгі ойлардың үйлесімі. Глазго қаласында өтетін СОР26 шарасына сапарға жолдама және 1 миллион теңгелік ваучер The Astana Times журналы атынан бақ сынаған Жанна Шаяхметоваға беріледі. Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз», - деді спикер байқау қорытындысын жариялап.