«Толыққанды режимде тауарларды қадағалап отырудың Ұлттық жүйесін іске қосу жоспарланған. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы салық төлеушілер санаттарға бөлінеді, тексеру жоспарлары жасалып, камералдық бақылау үшін салықтық және кедендік бақылау анықталады, сондай-ақ ауқымды деректерді талдау және зияткерлік талдау жолымен бір күнді фирмалар анықталады және осындай фирмалардың жалған шот-фактуралары бұғатталады. Осылайша, тексерулер түрінде бизнеске әкімшілік жүктеме төмендетілді, мәселен бұзушылықтар қашықтан анықталады және бұзушылықтары бар хабарламалар нақты жолданады. Ағымдағы жылы барлығы 40 мыңға жуық электрондық хабарлама жолданды, олар бойынша қосымша 132 млрд теңгеге салық есептелді», - деді Ж.Іңкәрбаев. 


Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Комитетте Электрондық декларациялау орталығы мен Ахуалдық орталығы жұмыс істейді, олардың жұмысында контрабандалық схемалар есебінен бюджетке толық түспеу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін электрондық құралдары тиімді іске қосылған.