«Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін техникалық бақылаудың бірыңғай толассыз автоматтандырылған дәліздерін пайдалану есебінен көлік құралы қозғалысының бүкіл циклі автоматтандырылады. Бүгінгі күні нақты уақыт режимінде маршрутты қадағалау үшін навигациялық пломбалар қолданылуда, электронды кезек жүйесінің тәжірибесі «Нұр жолы» бекетінде кезекті алдын ала брондау басқа да өткізу пунктеріне қолданылатын болады.  
Шаралардың тиімділігін жалған транзит үлесінің 2019 жылы 28%-дан биыл 1,3%-ға дейін төмендеуінен көруге болады. 2021 жылы жалған импорттың 177 фактісі анықталды. Салыстыру үшін 2019-2020 жылдары осындай 11 мың факті анықталған болатын», - деді комитет төрағасының орынбасары. 


Оның айтуынша, қабылданып жатқан шаралар импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС түсімдерінің өсу қарқынын өткен жылмен салыстырғанда 136%-ға немесе 149 млрд теңгеге артық қамтамасыз етті. 
Сондай-ақ, электронды шот-фактуралар базасында пирамидадағы байланыстарды тұтас талдау іске асырылады, ол салық салудан жалтару схемаларында үлестес компаниялар мен бенефициарлар тобын да анықтауға мүмкіндік береді.