Марат Пашимовтың айтуынша, бұл мәселе баршаны қызықтырады. Оның ішінде денсаулық сақтау министрін де. 


«Біріншіден, өңірде вакцинациямен қамту көрсеткіші өте жоғары. Екіншіден, ешкім ештеңені жасырмайды. Бірқатар комиссиялар, түрлі тексерулер болды, ешкімнің жасырмайтыны дәлелденді. Біздің артықшылығымыз, облыс - халық тығыз орналасқан аймақ, бірақ қаладағыдай емес, адамдар ауылдық жерлерде тұрады. Сондай-ақ, барлық санитарлық нормалар сақталады, бас санитарлық дәрігердің бұйрығы орындалады. Бұл мәселемен облыс әкімінің өзі айналысады, штабта жағдай туралы үнемі баяндап отырамыз, әкім мобильді топтардың жұмысын да өзі бақылайды. Менің ойымша, бұл үйлесімділік, біздің ортақ жұмысымыз және халықтың түсіністік танытуы, бәрі адамға байланысты. Әрине, әркім өзінен бастауы керек, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажет, екпе салдырып, қарым-қатынасты азайту керек. Өңірде күн сайын 3 000 - 4000 тест жасалады. Саны жағынан біз республика бойынша көшбасшылар қатарындамыз, бірақ ПТР жай жасай бермейміз. Тек көрсеткіштер, белгілер болса ғана...», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.