Мониторингке сәйкес, облыс аумағында жалпы COVID-19 індеті басталғаннан бері 18 836 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1654 құрады. Пневмонияның 7117 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 625 көрсеткішті құрап отыр. 


«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 қыркүйегіне дейін облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 13829 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1005 - жүкті әйелдер, 3601 - бала стационарлық ем алды. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 25 жағдайы  тіркелді, пневмонияның 31 жағдайы анықталды. Алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда коронавирус инфекциясының аурушаңдық көрсеткіші 87 жағдайға кеміп, 13%-ға төмендеді. Өлім-жітім көрсеткішіне келсек, жыл басынан бері қайтыс болғандар саны 188 адам. Өңірде коронавирустық инфекцияны емдеу және локализациялау үшін 3615 төсек қоры құрылды», - деді облыс әкімінің орынбасары.  


Бүгінгі таңда облыста 10 зертхана жұмыс істейді. Жалпы тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде.