Оның мәліметінше, бүгінде өңірде 937 мың адамның 816 мыңы 1-ші компонент алды. Бұл 84,4%, 663 мың адам 2-ші компонентпен егілді, яғни 67 пайыз. Вакцина көлемі жеткілікті. Облыстағы жағдай тұрақты.  

«Түркістан облысында пандемия басталғаннан бері «COVID-19» індетімен тіркелген жағдайлар саны бүгінгі таңда 13 420 құрап отыр. Жазылып шыққандар саны – 12 515, яғни 94,7%, қайтыс болғандар саны – 70. Облыс бойынша індет шарықтағанда 3600 дейін төсек-орын болған, қазір 2000 дейін қысқартылды. Бүгінде 718 адам ем қабылдауда, оның 151 - КВИ , 567 пневмониядан емделуде. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 700 дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар», - деді басқарма басшысы.

 
Сонымен қатар, былтыр жалпы трансферт есебінен 2,5 млрд қаржы бөлініп 205 дана медициналық техника сатып алынды. 2021 жылға анестезиология және реанимация бөлімшелерін жарақтандыру мақсатында 394 дана және ана мен бала бөліміне 91 дана медициналық техника сатып алынды.