Оның айтуынша, қыркүйектің бірінші аптасында ауруханаға жатқызылғандар санының төмендеу үрдісі байқалады. 


«Облыстағы 17 аурухана оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген, 45% төсек-орын оксигенотерапиямен қамтылған. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап Талдықорған көпсалалы ауруханасының базасында коронавирустық пневмонияны ерте сатыда анықтау үшін жаңа цифрлық кіші жүйе енгізілді. Бұл МЖӘ аясында жүзеге асырылатын бірегей жоба. Өкпе мен сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатыда анықтауға арналған, бірақ қазір осы жүйе арқылы пневмонияны анықтап жатырмыз. Жыл басынан бері жасанды интеллект арқылы 134 мың пациенттен ауру жағдайлары анықталды, оның ішінде кейбірінде КВИ белгілері де бар. Сондай-ақ, төрт облыстық ахуалдық орталықтың дәрігерлері күн сайын ауыр науқастар бойынша бейне кеңес жүргізеді. Бұл орталықтар шалғай аудандарға арналған. Телемедицина арқылы тар шеңберлі мамандар шалғай аудандардағы ауыр науқастарға кеңес береді. Облыста 15 зертхана жұмыс істейді, оларда 1 қыркүйектен бастап 400 мың ПТР-зерттеу жүргізілді, 3 569 КВИ жағдайы анықталды», – деп атап өтті спикер. 


Жалпы, пандемия кезеңінде облыста 1 млн-ға жуық тест өткізілді.