Бүгінгі таңда облыста 8 747 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» бағдарламасы бойынша QR-код алды, оның 559-ы тестілік режимде жұмыс істейді. Жоба көшбасшысы мәртебесі 102 кәсіпкерлік нысанға берілді. Сонымен қатар, 997 жосықсыз қатысушы «Ashyq» жобасынан шығарылды. 


«2021 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында облыс бойынша «қызыл» мәртебесі бар 2 115 және «сары» мәртебесі бар келуші тіркелді. «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 3 млн теңге сомасына 79 айыппұл салынды. «Сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптармен 284 қаулы берілді. Ақпарат Алматы облысы әкімдігінің сайтында жарияланады», - деп атап өтті аймақ өкілі. 


28 тамыздан бастап өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес карантин жеңілдетілді. Вакцинацияланбаған адамдардың жұмысқа кіруі шектелді. Бұл мәселе бойынша тексерулер 7 қыркүйекте басталды.