Ресми мәліметтер бойынша, пандемия басталғаннан бері өңірде 23 354 жағдай тіркелген, оның ішінде соңғы тәулікте- 75. Науқастардың 92% - ы сауығып кетті, 181-і қайтыс болды. Үш апта бұрын КВИ-дің тәуліктік анықталуы 171 адамға жетті, ал бұл облыс аумағындағы пандемияның барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш. 


«Соңғы 2 аптада алдыңғы апталармен салыстырғанда аурушаңдықтың 44% - ға төмендегені байқалады. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 195 адамды құрады. Науқастар арасында 65% ауру белгілерімен өздері келгенде, 22%- науқаспен байланыста болу, алдын алу мақсатында – 13% анықталды. Жас құрамы бойынша 60-тан асқандардың ең жоғары үлес салмағы - 31%», - деп атап өтті спикер.


Сондай - ақ, ол ауруханаларда 1715 «ковидтік» төсек-орын, қорда 775 орын бар екенін жеткізді. Бүгінде төсек қорының 31% бос емес. Сырқаттанушылықтың төмендеуі аясында ауруханаға жатқызулар саны тәулігіне 40 адамға дейін азайды. Бұл ауру шарықтаған кездегіден 2 есе төмен.  115 реанимациялық төсек орынның 58% қамтылды. 67 пациенттің 22-сі ӨЖЖ аппаратына қосылған. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар, тұрақтандыру қоры да бар.

«Халықты вакцинациялау жалғасуда және оң нәтиже байқалады. Вакцинация науқанына 102 егу кабинеті, 62 жылжымалы бригада, 8 жылжымалы медициналық кешен тартылған. Бүгінгі таңда толық курсты 209 мың адам немесе 67% аяқтады. Бірінші компонентпен халықтың 75% егілді. Вакцинацияның 2 компонентін алғаннан кейін COVID-19 диагнозы қойылған жағдайлардың саны 1240 адамды құрайтынын атап өткім келеді. Бұл егілгендер санының 0,59%. Осы 1 200 - дің 47-сі ғана стационарлық ем қабылдады», - деді Сақыпкереев.