«Мал азығымен қамту бойынша жалпы 77 мың жоспар болды, бүгінгі таңда аудандар бөлінісінде  Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия, Түпқараған, Мұнайлыға 41 470 тонна шөп әкелінді. Қалған қыс айларында 35 530 тонна шөп әкелу көзделген. Оның ішінде 25 530 тонна өзге облыстардан тасымалданатын шөп. Жергілікті шабылатын шөптің қоры - 10 мың. Жыл ортасында 204 млн теңге бөлінді, оның ішінде шөпке 150 млн теңгесі жұмсалды, басқа облыстардан шөп тасылды, яғни оның салмағы килограммен есептегенде 55 теңгеден сатылды. Сондай-ақ жемге 54 млн теңге бөлінді.», - деді Ғ.Ниязов.  


Оның айтуынша, үкіметтің қолдауымен қысқы айларға 2,3 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 1,1 млрд теңгесі бөлінді.  


«Аудан әкімдері мен қала әкімдерінің сұрауымен оператор тағайындалады, олар «Каспий» ӘКК арқылы кепіл қойып, қаржыны ала алады. Жемге 1 млрд қаржы бөлінді. Шөпке және жемге қаржы бөлу қатар жүзеге асырылады. Қаржы малдың санына сәйкес бөлінеді. Оның ішінде мал абсының ең көп бөлігі - 44% Маңғыстау ауданында. Қысқы азық бойынша, Маңғыстау облысында қыс мезгіліне арналған шөп көлемдері бар. Қазіргі уақытта Қарақия ауданында қысқы азыққа 175 тонна, Түпқараған ауданында 740 тонна, Маңғыстау ауданында 50 тонна, Мұнайлы ауданында 80 тонна, Бейнеу және Жаңаөзенде шөптер жинақталуда», - деді өңір әкімінің орынбасары.