Халық санағының басталғанына екі апта болды. Қазіргі кезде ол тек онлайн режимде өтіп жатыр. 


«Халықты онлайн санақпен кеңінен қамту мақсатында «санақ бұрыштары» ұйымдастырылды. Бұл Интернетке қолжетімді компьютерлер орнатылған бөлмелер немесе залдар. Онда аумақтық статистика органдарының консультанттары жұмыс істейді. Үйде процедурадан өтуге мүмкіндігі жоқ кез келген азамат жиі баратын жерлерде санақтан өте алады. Олар ХҚКО, «Қазпошта» АҚ филиалдарында, білім беру мекемелері мен ойын-сауық орталықтарында ашылды. Жалпы, ел бойынша 3100-ден астам осындай бұрыш іске қосылды», - деді ҰСБ басшысы.  


Оның айтуынша, сауалнамаларды толтырудың бастапқы кезеңінде кейбір жолдар автоматты түрде толтырылады. Бұл мемлекеттік деректер қорынан алынған тегі, аты, әкесінің аты, жынысы және басқа да ақпарат. Халық санағын өткізу барысында кейбір азаматтардың бірқатар дұрыс емес деректер көрсеткені анықталды. Бұл адамдарға мәртебесін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну ұсынылды.