«Санақ парақшалары арнайы тестілеуден өтіп, пилоттық санақ кезінде сынақтан өткізіліп, пысықталды. Кейіннен мемлекеттік органдармен келісу барысында бірнеше сұрақ кеңейтіліп, қосымша жауаптар қосылды. Санақ парақтары бекітілгеннен кейін ағымдағы жылдың шілде айында сұрақтар саны 91-ді құрады. Санақ парақтары барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, қолданыстағы қағидалар бойынша «Ашық НҚА» порталында және sanaq.gov.kz.мамандандырылған сайтына орналастырылды. Барлық процедуралар орындалды», - деді Айдапкелов.  


Бұл ретте спикер азаматтарды барлық сұрақтарға жауап бермейтінін атап өтті. Санақ жүйесіне кіруді жандандырғаннан кейін тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жынысы, жасы, туған күні бойынша деректер базадан автоматты түрде базадан шығады. Шетелдіктер үшін сұрақнаманың Қазақстан азаматтарына қатысы жоқ. Ал отбасы құрамы мен тұрғын үй жағдайлары жөніндегі сұрақтарға тек қана отбасы басшысы бір рет жауап береді, отбасының қалған мүшелері тек жеке сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, әйелдерге ғана қатысты арнайы сұрақтар бар. Жұмыссыздық туралы сұрақтар жұмыспен қамтылған немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға қойылмайды. Сыртқы көші-қон бойынша сұрақтар шетелде бір жылдан астам өмір сүрген адамдарға ғана қойылады. Жұмыспен қамту бойынша сұрақтар 14 жастан асқан адамдарға, неке жағдайы бойынша 15 жастан асқан адамдарға қойылады.