«Бюроның ақпараттық жүйесі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері тізіміне енгізілген және ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мониторингінде тұр. Сондай-ақ, біздің жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізілді және оң нәтиже алынды. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ sanaq.gov.kz санақ бойынша ақпараттық ресурстың қолжетімділігіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді және хакерлік шабуылдардың алдын алуды қамтамасыз етеді», - деді Айдапкелов. 


Спикер халық санағы демографиялық экономикалық болжауларды жетілдіруге, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға, құрылыс саласын айқындауға, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын ұтымды пайдалануға, жақсартуға, құрылыс саласын айқындауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, табысын көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға септігін тигізетін ауқымды ақпарат беретін шара болып табылатынын атап өтті.