Ол жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржаларын, түтіндіктерін және басқа да элементтерін жылыту маусымы басталар алдында, содан кейін 2-3 айда бір рет күйеден тазарту қажеттігін еске салды. 


«Жылыту пештерін пайдалану кезінде жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ оларды бақылауды балаларға тапсырмаңыз; пеш жағу үшін қатты отынмен тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз; желдету және газ арналарын түтін мұржасы ретінде қолданбаңыз. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, өзіңізді және жақындарыңызды өрттен сақтайсыз», - деп атап өтті спикер. 


Ең бастысы, ақаулары, жарықтары мен саңылаулары бар пештерді жағуға болмайды.