Өткен аймен салыстырғанда амбулаториялық емдеу мен бақылаудағы пациенттер саны 2 есеге азайды, қазір КВИ қарсы 5 дәрілік препаратпен тегін қамтамасыз етілген 1 567 пациент амбулаториялық ем алуда. 

«Павлодар облысының Денсаулық сақтау жүйесін ресурстық нығайту бойынша Үкіметтің қолдауымен жүргізілген жұмыс коронавирустық инфекция жұқтырғандарға уақытылы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. 200 орындық жаңа модульдік инфекциялық госпиталь жұмыс істейді, жедел жәрдем автомашиналарының паркі 109 автомашинамен жаңартылды, 394 ӨЖЖ аппараты, 1,5 мыңға жуық оттегімен қамтамасыз ету нүктесі, 11 оттегі станциясы, сондай-ақ 11 КТ және 82 рентген-аппараты бар, стационарларда дәрілік заттардың 45 күндік қоры бар. Тәулігіне жалпы қуаттылығы 4 мыңнан асатын, деректері республикалық ақпараттық жүйеге біріктірілген 8 ПТР-зертхана жұмыс істейді. Бөлшек сауда желісін ковидке қарсы препараттармен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 500 млн теңге болатын облыстық тұрақтандыру қоры құрылды»,- деді спикер. 


Осылайша, Денсаулық сақтау жүйесі қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 600 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв қалыптастырылды.