Облыс бойынша 8 459 субъект «ASHYQ» жобасына қатысады, оның ішінде ресми қатысушылар – 8071, 388 - тестілеу барысында. 71 объектіде шектеу шараларының бұзылуы анықталды. 217 қатысушы «Ashyq» жобасының көшбасшысы болып танылды. 


«21 қыркүйек жағдайында «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 3 516 тұлғаның келуі тіркелді. 1 386 – «қызыл» мәртебесі бар, 2 130 - «сары» мәртебесі бар адамдар. Анықталған тұлғаларға қатысты санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы 1 906 қаулы шығарылды. «Қызыл» мәртебесі бар 77 тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, 3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - деді спикер. 


Бүгінгі күні облыс бойынша 200 мониторингтік топ жұмыс істейді. Қыркүйектің 20 күнінде олар 10 мыңға жуық нысанда 2 761 рейд өткізді. 237 бұзушылық анықталды. 
Жалпы, КВИ ауруы бойынша жағдай тұрақты бақылауда - дейді шенеуніктер.